Өскеменде «Туған жер - алтын бесігім» акциясы аясында Шемонаиха ауданының мәдениет күндері өтеді (видео)
Фото: ortcom.kz
2024 жылдың 22 және 23 қарашасында Өскемен қаласында Шемонаиха ауданының мәдениет күндері өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл іс-шаралар облыстық «Туған жер - алтын бесігім» акциясы аясында ұйымдастырылып, мәдени бағдарламалар мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін қамтиды.
22 қараша, 2024 жыл
Уақыты: 18:00
Өтетін орны: Протозанов көшесі, 43, "Ертіс концерт" залы
Мәдениет күндерінің бірінші күні Шемонаиха ауданының көркемөнерпаздар ұжымдары қатысатын гала-концертпен басталады. Шара барысында:
Андрей Медведев (Шнитке атындағы Саратов филармониясының солисті, халықаралық байқаулардың жүлдегері, Шемонаиха ауданының тумасы);
«Юность» және «FREEZE LIGHT» үлгілі хореографиялық ұжымдары;
«Жұлдыздар» вокалдық тобы;
Республикалық байқаулардың жүлдегері «Децима» вокалдық тобы өз өнерлерін ұсынады.
23 қараша, 2024 жыл
Өтетін орны: «Алтай» көтерме-тарату орталығының аумағы
08:00 – Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің кең таңдауы күтеді.
09:30 – Шемонаиха ауданы әртістерінің музыкалық бағдарламасы.
10:00 – Спорттық жарыстар.
Баршаңызды осы керемет іс-шараларға қатысуға шақырамыз!