Мүгедектігі барларға және асыраушысынан айырылғандарға берілетін әлеуметтік төлем көлемі артады
pexels.com
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбек қабілеттілігін жоғалтқан және асыраушысынан айырылғандарға төленетін әлеуметтік төлем көлемі артады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Үкіметтің 2024 жылғы 19 қарашадағы №970 қаулысына сәйкес,әлеуметтік төлем көлемі 6,5%-ға артқан.
«2025 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек қабілеттілігін жоғалту және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған мөлшері алынған әлеуметтік төлемдер сомасының 6,5%-ына ұлғайтылсын»,- делінген қаулыда.
Оқи отырыңыз
Асыраушысынан айырылғандарға төленетін жәрдемақы өседіЖаңа жылдан бастап асыраушысынан және еңбек қабілетінен айырылғандардың жәрдемақысы өседіАсыраушысынан айырылғандардың жәрдемақысы өседіЕңбек қабілетінен айырылған 90,8 мың адам төлем алдыЕлімізде мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы мөлшері қанша?