KZ
Өскемен
-2°
снег жел 1 м/с, С
494.84 537.4 5.58

Өскеменде жанжалдасқан оқушылардың бірі екіншісіне пышақ салды (видео)

Фото: ШҚО ПД

31.01.2024, 17:00 192 Айна Ескенқызы

Облыс орталығындағы орта мектептердің бірінде жасөспірім  қарсыласына және өзінің денесіне пышақпен жарақат салған.

ШҚО полицейлері бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Полицейлер анықтағандай, оқушылар өзара сөзге келіп калған,  жасөспірімнің бірі жиналмалы кәдесый пышақпен қарсыласына және өзіне дене жарақатын салған. 

- Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайы анықталуда, бақылау камераларының бейне жазбалары зерттелуде, қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды, - деді департаментте.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу