Өскеменде адамды атып өлтірген күдікті ұсталды
Фото: ШҚО ДП
ШҚО полицейлері облыс орталығында атыс ашқан ер адамды ұстады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
13 қаңтарда облыс орталығының "102" арнасына қоңырау түсті. Қоңырау шалушы подъездердің бірінің жанында қансыраған ер адамның жатқанын айтты. Полицейлер келген кезде мәйітті табады. Ер адам оқ жарақатынан қаза болған.
Бұл факт бойынша патрульдік нарядтар дереу бағдарланып, күдікті 10 минут ішінде ұсталды. Осы фактіге қатысты кісі өлтіру бабы (ҚР ҚК 99) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
Оқи отырыңыз