Жолдағы жолақтар инновациялық әдіспен сызылады – Өскемен
Шартты сурет: gorod-plus.tv
Биыл Өскеменнің жолдарындағы жолақтар пилоттық жоба аясында инновациялық әдіспен сызылады.
«Таза Өскемен» коммуналдық кәсіпорнының ақпараты бойынша, жолақтарды салуға термопластик қолданылатын болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Өздеріңізге белгілі, қыста жолдағы жолақтар өшіп қалады да, сол себепті қаланың көпжолақты жолдарында даулы жағдайлар туындайды.
- Жолға арналған эмаль қаншалықты сапалы болса да, ол бар болғаны - бояу, оның қызмет ету мерзімі өте шектеулі және қолдану мен жаңарту белгілі бір ауа райының басталуын талап етеді. Қала басшылығы термопластиканы қолдана отырып, заманауи жол таңбалау технологиясын қолдануды бастау туралы шешім қабылдады, - деп түсіндірді «Таза Өскемен» кәсіпорнының директоры Асхат Тәженов.
Термопластиканың көмегімен жаңа белгілер Ертіс көпірі аймағындағы айналма жолға және қаланың ең кең магистралі – Сол жағалау өткеліне салынады.
Оқи отырыңыз