Семейде жолдағы жаңа жолақтарды су шайып кетті
Семейдегі су жаңа сызба-жолақтарды тағы да жаңбыр шайып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Осыдан біраз уақыт бұрын Семей қаласының Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің мамандары «қала жолдарына ақ-сары жолақтар сызамыз, әдемі көрінеді» деп мәлемдеме жасаған еді. Бірақ сол сызба-жолақтар алғашқы жаңбырдан кейін-ақ бозарып шыға келген.
Тұрғындар шағымынан соң аталмыш бөлім жетекшісінің міндетін атқарушы Нұрлан Серғазинов павлодардық фирма сапасыз жасаған жұмысын қайтадан істейді деген болатын. Алайда жол әлі де сол бойы жатқан көрінеді. Бұл сөзімізге әлеуметтік желіде шағымданған қала тұрғыны мен оның төмендегі суреті дәлел.
– «Топографический» аялдамасы маңындағы сызба-жолақтарды қайтадан сызған сияқты еді. Жаңбырдан кейінгі түрін қараңыз. Жүргізушілер былай тұрсын жаяу жүргіншелердің өзі әрең байқайды, – дейді сурет авторы.