KZ
Өскемен
+10°
небольшой дождь жел 3 м/с, ОШ
441.44 473.09 4.75

Пәтерге қасақана өрт қойылды – Өскемен

Скринделген сурет

2.04.2024, 14:35 54 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығындағы Михаэлис көшесінде көпқабатты үйлердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, бесінші қабаттағы пәтер өртенген. Абырой болғанда, бұл кезде баспанада ешкім болмаған.

- Өрт сөндірушілер 25 шаршы метр аумаққа шарпыған қызыл жалынды ауыздықтап үлгерді. Өртті сөндіруге жеке құрамның 22 адамы және 7 бірлік техника жұмылдырылған, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Алдын ала болжам бойынша пәтерге біреу қасақана өрт қойған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив