Өскеменде пәтерге қасақана өрт қойылған
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Өскемен қаласы Қабанбай батыр көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінен өрт шығып, 15 адам эвакуацияланды.
Оқиға орнына дереу арада жеткен ШҚО ТЖД қызметкерлері барлау жүргізіп, үшінші қабаттағы пәтерден қалың қою түтін шыққанын анықтады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Ел алдымен, газ-түтіннен қорғау қызметінің мамандары арнайы сатылардың көмегімен алты қабатты тұрғын үйден 15 тұрғынды құтқарды, оның ішінде 4 бала бар, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Осылайша өрт сөндірушілер 40 шаршы метр алаңға шарпыған өртті ауыздықтап үлгерді.
Өрт салдарынан 2005 жылғы тұрғын көміртек тотығымен уланып, ауруханаға жатқызылды. Қызыл жалынды ауыздықтауға 10 бірлік техника мен жеке құрамның 42 адамы жұмылдырылған. Алдын ала болжамы бойынша біреу қасақана өрт қойған.
Оқи отырыңыз