KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 0,8 м/с, Ю
452.92 484.99 5.12

Өскемен әуежайында iJan терминалдары іске қосылды

27.05.2024, 19:01 72 Ләззат Қанатқызы

Өскемен әуежайында IJan атты терминалдар іске қосылды. Оның ерекшелігі сол жолаушылар терминалдың көмегімен өз-өзіне қызмет көрсете алады.

Бұл аппараттарды әуежайға FlyArystan әуе компаниясы орнатты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Енді шығысқазақстандық тұрғындар мен қонақтар ұзын-сонар кезекте тұрмай, уақытын үнемдеп, рейске тіркеліп, жүктерін өлшей алады.

-        IJan құрылғылары алғаш рет 2022 жылы Алматының халықаралық әуежайында орнатылды. Бүгін Шығыс өңірінің жолаушыларын қуантып, Өскемендегі әуежайда да іске қостық. Терминал арқылы отырғызу талондарын басып шығаруға, жол жүктерінің ақысын төлеуге, өлшеуге, тіркеуге болады. Тұрғындар әдетте кезек күтіп 15-20 минут уақыт жоғалтатын болса, терминал арқылы барлық қызметті 2-3 минут ішінде атқаруға болады, - дейді әуе компанияның SMM менеджері Диана Құдайберген.

Бұған дейін IJan құрылғылары Қазақстанның 13 қаласында орнатылған. Кейін ол FlyArystan ұшатын барлық қалаларда біртіндеп қойыла бастады. Компания мамандарының айтуынша, терминал іске қосылғалы бері 300 мыңнан астам жолаушы өзіне-өзі қызмет көрсетуге мүмкіндік алған.

- Ұшақпен жиі ұшамын. Бүгін Өскемендегі әуежайда жаңа құрылғылар орнатылыпты. Алғашқылардың бірі болып тіркеуден өттік. Асығыс жүрген жандарға, біз сияқты үлкен кісілерге өте ыңғайлы. Әдетте тіркеу бағанасында кезек күтетінбіз. Бүгін әуежайға келе сала 3 минуттың ішінде бар шаруамыз шешіліп, талонымызды қолға алдық. Әуежайларда мұндай қызмет түрінің болғаны өте тиімді, - дейді жолаушы Хадиша Саржанова.

Фото: Аяужан Утеулинова 

Видео: Данияр Сағидолдин

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив