Суицид пен буллингтің алдын алу мәселелері талқыланды - Өскемен
Облыс орталығында «Психологтардың суицид пен буллингтің алдын алу жөніндегі жұмысының ерекшелігі» атты семинар-практикумы өтті.
Шараға өңірдің түкпір-түкпірінен 30-дан астам педагог-психолог қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- Өкінішке орай, өткен 2023 жылы Алтай ауданы бойынша жасөспірімдер арасында суицидтің екі жағдайы тіркелді. Екі жағдай да мұқият зерттеліп, талдау жасалды. Бүгінде осы тақырыпта өңірлік психологиялық көмек және қолдау орталығы көшпелі семинар ұйымдастырып отыр. ШҚО білім басқармасына және орталық басшылығына өзекті мәселені көтеріп, қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреміз, - деді Алтай ауданы әкімінің орынбасары Жанна Асқарова.
Семинарда психологтың аутоагрессивті мінез-құлық мәселелерін түсінудегі рөлі, балалардың суицидтік мінез-құлқының алдын алу сияқты негізгі мәселелер талқыланған.
Оқи отырыңыз