KZ
Өскемен
+3°
переменная облачность жел 1 м/с, В
477.13 525.85 5.24

Өскеменде Tartyl Fest өтеді

Фото: Аяужан Утеулинова

22.08.2024, 16:42 146 Ләззат Қанатқызы

24 тамыз күні облыс орталығында Конституция күнін мерекелеу аясында «OSKEMEN TARTYL FEST» турникке тартылу фестивалі өтеді.

Шара барысында ерлер арасында турникке тартылудан, әйел адамдар арасында планкаға тұрудан жарыс ұйымдастырылады, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

Жалпы жүлде қоры 800 000 теңгені құрайды.

- «OSKEMEN TARTYL FEST» 24 тамыз күні сағат 17.00 де «Самал» саябағында өтеді. Шара барысында ерлер 3 жас санатында және 4 салмақ дәрежесінде, атап айтқанда 14 тен 25 жасқа дейін (75 кг дейін, 75+ кг), 25-44 жас (80 кг дейін, 80+ кг) және 45+ жас турникке тартылады. Ал әйел адамдар 3 жас санатында (12-17 жас, 18-29 жас, 30+) планкаға тұрудан жарысады, - дейді қала әкімдігі.

Тіркелу жарыс болатын күні сағат 14:00 ден 16:00 ге дейін Самал паркінде өтеді.

Қосымша ақпаратты 87764333367 телефон номері арқылы алуға болады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив