Қазақстанда көпірлердің электронды базасы құрылады
Фото: arnapress.kz
Елімізде көпірлердің, жол айрықтары және өтпелерінің электронды базасы құрылып жатыр.
Қазақстанда жол ғылыми-зерттеу институты еуропалық тәжірибе негізінде көпірлерді пайдалануды басқару жүйесін әзірлеуге кірісті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Айта кетсек, еліміздегі автомобиль және теміржол жолдары арқылы өтетін көпірлер, жол айрықтары мен өткелдер туралы деректер әлі күнге дейін мұрағаттарда қағаз құжаттарда сақталады.
Ақпаратқа жылдам қол жеткізе алмаудың салдарынан стратегиялық жол объектілерін зерттеу, жөндеу, жаңғырту, реконструкциялау және құрылысын жоспарлау және жүргізу жөніндегі жұмысты қиындатады әрі тиісінше көлік қозғалысының қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді екен.
Мәселенің оң шешімін табу мәселесімен «ҚазжолҒЗИ» АҚ сарапшылары айналысты. Мамандар Дания, Финляндия, Германия, Норвегия, Оңтүстік Африка, Швеция, Швейцария және Ұлыбританияның тәжірибесін талдады. Зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, институт көпірлерді пайдалануды басқарудың қазақстандық жүйесін (СУЭМ) әзірлеуді қолға алды.
Оның айтуынша, көпірлерді пайдалануды басқару жүйесін құру пайдаланушыларға белгілі бір объект туралы қажетті деректерді тез табуға, сондай-ақ көпірлер, өткелдер мен жол айрықтарын күтіп ұстау бойынша есептер мен бюджетті жоспарлауды автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, уақтылы және тұрақты диагностика, бақылау және талдау ерте ме, кеш пе тозуға немесе апатқа әкелетін ақауларды анықтауға және жоюға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде көпірлер мен басқа да объектілерді күтіп ұстау шығындарының айтарлықтай төмендеуіне ықпал етеді.