KZ
Өскемен
-15°
пасмурно жел 1,2 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Көпірлер мен жол айрықтары дрондар арқылы зерттеледі

Фото: ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

21.12.2022, 16:01 419 Мадина Амангелдіқызы

Қазақстанда көпірлер мен жол айрықтары енді дрондар арқылы зерттелетін болады.

Елімізде 3-5 жыл сайын диагоностика жасалуы тиіс 2 мыңнан астам көпір бар. Автомобиль көпірлері және жол өткелдерінің техникалық жай-күйі мен зақымдануын анықау үшін мамандар дербес тексеру жұмыстарын жүргізіп, фототүсірілім жасайды. Осы мақсатта олар өз өмірлерін қауіпке тігіп, автокрандар мен альпинистік құралдардың көмегіне жүгінуге мәжбүр. Сондықтан келесі жылдан бастап мамандар дрон құрылғыларын пайдалана бастайды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған екі әдіс те жұмысшылардың өміріне қауіп төндіріп, көлік жүргізушілеріне қолайсыздық тудырады. Ал дрондар нысандарды диагностикалауды қауіпсіз етіп қана қоймай, үрдісті жылдам, арзан және тиімді етеді. Сондай-ақ дрондар жол қозғалысына кедергі келтірмейді.

- Көпірлерді дәстүрлі түрде тексеру көп уақытты талап етеді. Жолшылар уәкілетті органдарға хабарлайды, жол полициясынан рұқсат алады және автомобиль қозғалысын ішінара немесе толығымен тоқтатады. Бұдан бөлек арнайы кран мен ескерту белгілерін бірнеше рет жылжытуға мәжбүр. Ал тексеру қиынға соғатын жерлерге мамандар белдеріне арқан байлап түседі. Дронды қолдану арқылы жұмыс айтарлықтай жеңілдеп, тексеру уақыты 3-4 есе қысқарады. Осылайша біз көпірлер мен жол айрықтарын көбірек қамти аламыз», – деп атап өтті «ҚазжолҒЗИ» АҚ Жол конструкциялары және жаңа технологиялар басқармасының бас маманы Қайсар Шалқар.

Дрон арқылы зерттеу жүргізудің тағы бір артықшылығы бар, ол –жасырын жерлерді тексеру. Кейін түсірілген бейнежазбаларды компьютерде егжей-тегжейлі талдауға, жіті тексеруге болады.

- Болашақта технологияның көмегімен біз барлық көпір құрылымын цифрландыра аламыз. Бүгінде еліміз бойынша 2 мыңнан астам көпір бар, – дейді институт қызметкері.

Айта кетсек, жаңа көпірлерді 5 жылда бір, ескілерін 3 жылда бір рет тексеру қажет. Жыл сайын «ҚазжолҒЗИ» АҚ кем дегенде 15 нысанды зерттейді. Жалпы 59 жылдың ішінде институт мыңнан астамына диагностика жасаған.

                                                                                                

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу