KZ
Өскемен
+6°
туман Штиль
443.03 480.38 4.91

Алаяқтар жалған жанармай карталарын сатып жатыр

10.04.2023, 20:32 172 Мадина Амангелдіқызы

Қазір Instargam әлеуметтік желісінде жанармай карталарын сату туралы хабарландырулар таралып жатыр. Олардың бірін белгіленген бағамен сатып алғаннан кейін жанармай құю станциясында ақша төлемеуге болады екен-мыс. Алайда бұл шындыққа жанаспайды.

Жағдайдың мән-жайын Stopfake.kz сайты анықтады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қолданыста жоқ жанармай карталары алғаш рет 2021 жылы Ресейде сатыла бастаған. Алаяқтар карталарды арнайы әзірленген сайт арқылы сатқан, ал сенгіш көлік жүргізушілері ақшаны олардың шотына аударып отырған.

 

Ал Қазақстанда схема сәл басқаша. Автокөлік жүргізушілеріне Helios, Qazaq Oil және «Газпром» компанияларының жанармай карталары ұсынылады. Ол Қостанайда тіркелген компанияның атынан Telegram арқылы сатылады. Алайда ашық деректерге сүйенсек, аталған фирма өрт сөндіргіштерді толтырумен айналысады және жанармай саудасына ешқандай қатысы жоқ. Сонымен қатар 2Gis қызметінде жанармай карталарын алу үшін компанияның кеңсесіне хабарласып, ол жерден ешкімді таппаған адамдардың пікірлері жазылған.

Helios, Qazaq Oil және «Газпром» ресми порталдарында жанармай карталарын делдалдар арқылы сату туралы ештеңе айтылмаған. Qazaq Oil карталарды компаниямен шарт жасасқаннан кейін ресми сату орталықтарында 500 теңгеге сатып алуды ұсынады.

Helios компаниясының сайтында жанармай карталары туралы ақпарат мүлдем жоқ. Оның орнына клиенттерге арнайы бонустық карталарды рәсімдеу ұсынылады.

«Газпром» компаниясында корпоративтік клиенттерге арналған жанармай карталары бар. Оны компаниямен ресми келісімшарт жасасқаннан кейін ғана сатып алуға болады.

Сонымен, жанармай карталарын сату жарнамасы – алаяқтардың ісі. Компаниялардың жанармай карталары ресми бөлімдерде сатылады және оларды ресми келісімшарт жасалғаннан кейін ғана сатып алуға болады. Қазнетте карталары сатылып жатқан компания мүлдем басқа қызметпен айналысады, оның карталар сатуға ешқандай қатысы да жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив