KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 5 м/с, СБ
479.71 533.77 5.16

Экология министрлігі аңшы куәлігін «цифрландырды»

17.04.2023, 21:05 287 Мадина Амангелдіқызы

Елімізде аңшы куәлігі «цифрландырылды». 

Премьер-Министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте қазақстандықтардың өмірін жеңілдетуге бағытталған жаңа «цифрлық» бастамаларды жүзеге асыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

Осы ретте Экология министрлігі аңшы куәлігін «цифрландырғанын» мәлімдеді.

Аталған құжатты рәсімдеуді жоспарлаған әр азамат ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап оның тек электронды түрде ғана берілетінін білуі маңызды. Бұл құжаттың қағаз нұсқасын бірге алып жүру қажеттілігін жояды. Енді мұқабалы аңшы куәлігі үшін төленетін 3 АЕК мөлшеріндегі қосымша алым алынып тасталды.

Ал Ішкі істер министрлігінде 8 «цифрлық» бастама жүзеге асырылғанын айта кеткен жөн. Оның ішінде жалған нөмірлерден келетін қоңырауларды бұғаттау (34 млн қоңырау бұғатталды), автокөліктерді онлайн қайта тіркеу (бұл қызметті 3,7 млн азамат пайдаланды), жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру (бұл қызметті 122 мың азамат алды) және т.б. қызметтер бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив