KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Қазақстанда автомобиль-конструкторларды заңдастыруға рұқсат етілді

Фото: автор

22.05.2023, 13:50 388

Автоконструкторлар бойынша заңдастыру ағымдағы жылдың 22 мамырынан, яғни бүгіннен басталды.

Заңдастыру шаралары негізгі төрт бөлімнен тұрады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ӘРЕКЕТ АЛГОРИТМІ

1-қадам:

Онлайн өтінім беру және оны электрондық тіркеу (авто конструкторлардың барлық иелеріне автоматты түрде бас тарту және ХҚКО-дағы ПО қызметкеріне қолда бар құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы хабарлама жіберілетін болады). 

2-қадам:

ПО қызметкері көлік құралдары құжаттарының дұрыстығын тексереді және көлік құралдарын критерийлеріне сәйкес келген жағдайда к/қ электрондық мақұлдау парағына енгізеді. 

3-қадам:

Өтініш беруші қайтадан онлайн өтінім береді және электрондық мақұлдау парағы бойынша алдын ала тексеруден өтеді. Мұнан соң сарапшы-криминалист салыстыру үшін көлігімен бірге тексеру пунктіне жіберіледі. 

4-қадам:

Салыстырылып, тексеруден сәтті өткеннен кейін өтініш беруші ХҚКО-ға барлық қажетті құжаттарды, оның ішінде диагностикалық картаны ұсынады және мемлекеттік баж ­– 200 000 теңге мөлшерінде алым төлейді.

Естеріңізге сала кетейік, заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін ғана жалғасады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив