KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 2 м/с, СШ
471.46 504.79 5.53

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Фото: inbusiness.kz

19.06.2023, 22:00 204 Мадина Амангелдіқызы

Синоптиктер 20-22 маусым аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Қазақстанда алдағы үш күн жаңбырлы болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Синоптик мамандардың болжамы бойынша, 20-22 маусым күндері терең циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер республиканың басым бөлігіндегі ауа райын белгілейді.

Елдің солтүстігі мен шығысында күн күркіреп, жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында бұршақ аралас қатты жаңбыр жауып, дауыл соғады. Республика аумағында жел күшейіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болуы ықтимал.

Түнгі уақытта ауа температурасы төмендеуі мүмкін: солтүстіктегі өңірлерде – 5-13 градусқа, шығыста – 7-15 градусқа дейін.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив