Қазақстанда 71 адам суға батып кеткен
Фото: egemen.kz
Қазақстанда жыл басынан бері 71 адам суға батқан, оның 23-і – бала.
Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Әнуар Юсупов мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
– Жыл басынан бері республиканың су айдындарында 71 адам суға батып кетті, оның ішінде 23 бала бар. Шомылу маусымының басынан бері 35 адам суға кетті, оның 17-сі балалар, – дейді Әнуар Юсупов.
Суды пайдалану ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабы бойынша 12 адам әкімшілік жауапқа тартылған.
Оқи отырыңыз