KZ
Өскемен
-2°
ясно жел 1 м/с, С
479.71 533.77 5.16

Балалар нейрохирургиясына 15 млрд теңге бөлінді

Фото: egemen.kz

29.06.2023, 19:10 270

«Қазақстан халқына» қоры балалар нейрохирургиясын дамытуға қаржы бөлді.

Бұл туралы ұлттық нейрохирургия орталығының басқарма төрағасы Серік Ақшолақов мәлім етті, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Өткен жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік қолдау саласындағы проблемаларды шешу үшін «Қазақстан халқына» қоғамдық-әлеуметтік қоры құрылды. Қор қызметі бағыттарының бірі – өңірлерді маңызды функционалдық жабдықтармен қамтуға және материалдық-техникалық жарақтандыруға көмектесу, – деді Серік Ақшолақов елордада өтіп жатқан нейрохирургтардың V конгресінде.

Оның айтуынша, қор орталыққа 15 млрд теңге бөлген.

– Қор өңірлердің балалар нейрохирургиясы бөлімшелерін қажетті аппаратурамен және құралдармен жарақтандыру бойынша қайырымдылық көмек көрсетті. Бұл мәселе қазірдің өзінде шешіліп, іске асыру сатысында. Осы сәтті пайдалана отырып, қор басшылығына алғыс айтамын, – дейді орталық басшысы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив