KZ
Өскемен
-3°
ясно жел 2 м/с, СБ
479.71 533.77 5.16

«Парыз» қайырымдылық қоры 5 млрд теңге мөлшерінде көмек көрсетті

29.04.2014, 18:00 189



Шығыс Қазақстан облыстық «Парыз» қайырымдылық қоры 2010 жылы аймақтағы көктемгі су тасқыны кезіндегі қиын-қыстау сәтте құрылған болатын, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жәнтікей мен Көкжырадағы, өзге де өңірлердегі су тасқыны апаттарынан зардап шеккендерді материалдық жағынан қолдауға арналып құрылған қор бүгінге дейін облыс халқына шапағатын тигізіп, көмегін көрсетіп келеді.

«Парыз» қайырымдылық қорының төрағасы Василий Ахаев журналистермен өткен баспасөз мәслихатында аталған қор арқылы үш жылдың ішінде 1 млрд. теңгенің қайырымдылық көмегі жасалып, ірі кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастық меморандумдары аясында 4 млрд. теңгеден астам қаржының жұмысы атқарылғанын атап көрсетті.

Жекпе-жек сарайы, Жеңіл атлетика манежі, жабық бассейн, басқа да толып жатқан үлкенді-кішілі әлеуметтік нысандардың бәрі де «Парыз» қоры арқылы жүзеге асырылып жатқан қайырымдылық-демеушілік қаржыларына салынған. Қордан 44 науқас бала мен үлкендердің емделуіне де қаржы бөлінген.

Жанаргүл Мұқатай
сурет Ғылымбек Сабитовтікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив