KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
485.11 523.82 5.02

Автонесие: мұқтаждарға нақты көмек көрсету ұсынылды

Фото: egemen.kz

30.06.2023, 12:11 322

Ұлттық банк төрағасы жеңілдетілген автонесие бағдарламасының ел экономикасына ықпалы жайындағы сауалға жауап берді.

Төраға мемлекеттік көмек мұқтаж адамдарға көрсетілуі керек екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Менің ұстанымым қарапайым. Мемлекеттік көмек нақты көрсетілуі тиіс. Бұл көмек нақты мұқтаждарға көрсетілуі қажет. Меніңше, біз мемлекет ретінде, ең алдымен, мемлекеттік көмекке кім мұқтаж екендігін дұрыс анықтап алуымыз керек және нақты көмек көрсетуіміз қажет. Ал нақты емес, бәріне арналған, мақсатсыз бағдарлама дұрыс емес деп санаймын,  – деді ҰБ төрағасы.

Ғалымжан Пірматов жеңілдетілген автонесие бағдарламасына бөлінген қаражат бюджет ақшасы екендігін баса айтты.

– Мемлекет көмегі нағыз мұқтаждарға көрсетілуі қажет. Бұл бюджеттік, мемлекеттік ақша ғой. Өзі сатып ала алатын, мұқтаж емес адамдарға мұндай көмек көрсету дұрыс емес деп санаймын,  – деді Ғалымжан Пірматов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив