KZ
Өскемен
-19°
туман Штиль
515.25 535.91 5.18

Ұлттық банк доллар бағамын жариялады

Фото: egemen.kz

17.07.2023, 11:18 187

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 17 шілдеге арналған бағамын белгіледі.

Атап айтқанда, 1 доллардың құны – 446,48 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 4,95 теңге, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

14 шілдедегі кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,50 теңгеге қымбаттап, 446,27 теңге болған.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 445 – 449 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар 445,5 – 448,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,87 – 5,09 аралығында саудаланып жатыр.

                

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу