KZ
Өскемен
+1°
интенсивная ледяная крупа жел 3 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Балаларға арналған мекемелердегі камераларды жауапты органдарға қосу керек

Фото: egemen.kz

2.08.2023, 09:12 142

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Қарағанды облыстық балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалардың жаппай улануына байланысты қазір Қарағандыда.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар ол күзде өңірлерге іссапары аясында барлық балалар мекемелерін тексеруді жоспарлап отырғанын жеткізді.

– Жалпы, бұл салада қазір біз мемлекеттік органдармен бірге балаларға арналған мекемелердегі камераларды тікелей ЦОУ мен жауапты органдарға қосу бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Сонымен қатар жұмыс жүргізу керек тағы біраз мәселе бар, солардың ішінде: 1. Мамандарды даярлау сапасын, олардың деңгейін назарға алу керек; сондай-ақ олардың жалақысын арттыруды да қарастыру қажет. 2. Балалардың тамақтану нормативтерін қайта қарау және талаптарды қатаңдату қажет. Бейінді министрлікпен бұл бойынша да жұмыс істейтін боламыз, - дейді Динара Зәкиева.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив