Өскеменде оқушылар қашықтан оқиды
Pexels.com
Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы хабарлағандай, 2025 жылдың 22 қаңтарда Өскемен қаласындағы бірінші ауысымдағы оқушылар (0–11 сынып) ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтан оқуға көшірілді,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мамандардың мәліметінше, бұл шешім жолдардың көктайғақ болуынан оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.
Айта кетейік, бүгін Өскемен қаласында бұрқасын мен көктайғақ күтілуде. "Қазгидромет" ШҚ филиалының мәліметінше, жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 25 м/с дейін жетуі мүмкін.
Оқи отырыңыз