KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
443.37 474.49 4.83

Реформа: жеке тұлғалар заңсыз иемдеген стратегиялық активтерді қайтару

Фото: egemen.kz

23.08.2023, 14:30 3 599

Мемлекет басшысы заңсыз шығарылған активтерді елге қайтару мәселесін өзінің жеке бақылауына алған. Қазіргі уақытта Қазақстанда елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару жұмысы белсенді атқарылып жатыр. Соңғы деректерге сүйенсек, соңғы бір жылда шамамен 750 млрд теңге қайтарылған. Осындай жұмыстардың өткен кезеңдердегі нәтижесімен салыстырып қарай отыра, бүгінгі таңдағы тіркелген нәтижені жеңіс деп бағалауға болады. Бұл – ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев негізін нығайтқан «Әділетті Қазақстанның» жеңісі.

Қаңтар оқиғасынан кейін Мемлекет басшысы ұсынған реформалардың бір бағыты экономиканы монополиясыздандыру және жеке тұлғалар заңсыз иеленіп алған стратегиялық активтерді мемлекет еншісіне қайтару болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы Президент алғаш рет өткен жылдың 11 қаңтарында Парламент депутаттары алдында сөйлеген сөзінде айтты. Осы бағыт аясында қаржыны елден заңсыз шығару мәселесі де өзекті болды. Әртүрлі бағамдау бойынша, мәселе 140-160 миллиард доллар аралығындағы сома туралы болып отыр. Осыған байланысты 2022 жылғы наурызда Мемлекет басшысының бастамасы бойынша Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылды. Оның құрамына құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың бірінші басшылары кірген. Президенттің ұсынысы бойынша, олар телекоммуникация, теміржол инфрақұрылымы, медиа және басқа да салалардағы монополияны жойып, шетке заңсыз шығарылған қаржыны елге қайтару үшін заң аясында бірлесе жұмыс істеуі керек еді. Шынтуайтына келгенде, комиссияны құруда принциптері негізге алынған тежеу және тепе-теңдік жүйесі «майлы жілікті» әр мекеме өз жағына тартуына жол бермей, күш-жігер мен талпынысты Мемлекет басшысы тапсырған міндетті орындауға шоғырландыруға, бағыттауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің алдымызда нақты мақсаттар тұр – заңсыз шығарылған активтерді қайтару және әділеттілікті қалпына келтіру», – деп жүйелі түрде ескерту айтып, осы мәселеде қағидаттардың бұзылмауын талап етті. Бұл тәсілдің арқасында аз уақытта жақсы нәтижеге қол жете бастады. Ведомствоаралық комиссия ресми түрде құрылғанға дейін-ақ мемлекет Қазақстанның ескі саяси элитасының өкілдерімен тікелей байланысты атышулы «Оператор РОП» ЖШС акцияларының жүз пайызын қайтарып алды. Бұдан кейін шаруа тоқтап қалмай, елден қашып кеткен жоғары шенділердің меншігіндегі жер телімдері және өзге де әлеуметтік, мәдени нысандар, белгілі тұлғалар тобы арнайы схема қолдану арқылы иеленіп алған коммерциялық және тұрғын үй жылжымайтын мүліктері мемлекет меншігіне қайтарылды. Қазіргі таңда Мемлекет басшысы энергетика саласындағы апатты активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін шешуді талап етті. Бұл мәселе Шығыс Қазақстан облысы үшін де өзекті.

Осылайша, олигополия халықтың көз алдында күйрей бастаған. Кәсіби саяси кеңесшілер қауымдастығы өкілдігінің басшысы Ассоль Мирманова бұл туралы маңызды дерек ұсынған.

«Табысты туған елінің гүлденуіне салу қажеттігі және, ең алдымен, Қазақстанның шетелдік қаржылық барлау қызметтерімен белсенді өзара іс-қимылының арқасында шетелге ақша шығару схемаларының айтарлықтай қысқаруы туралы сигнал барлық қаржылық топтарға айқын болды. Тиісті құжаттарға қол қойылды және Еуропалық Одақтың, Түркияның, Біріккен Араб Әмірліктерінің қаржылық барлау ұйымдарымен, CARIN және «Arin AP» (Азия және Океания) арадағы ынтымақтастық жаңғыртылып, Қазақстан резиденттері мен олардың елге кіру кезіндегі хабарлаған шетел валютасының көлемі мен активтері туралы ақпарат пысықталды. Мұндай ынтымақтастық қазіргі уақытта тексеріліп жатқан істер бойынша ғана емес, болашақта да деректерді тұрақты жүйелі деңгейде жылдам алуға мүмкіндік береді. Қаржылық-өнеркәсіп топтар үшін Қазақстанның құқық қорғау органдарының жұмысын осындай деңгейде ұйымдастыру ақша ағынын заңсыз аударудың аса күрделі дәрежесін және сыбайлас жемқорлық пен басқа да қылмыстардың жазасыз қалу дәуірінің аяқталуын білдіреді», – дейді. 

Мемлекет мұнымен тоқтап қалмақ емес. «Заңсыз алынған мүлікті мемлекетке қайтару туралы» арнайы заң қабылданғаннан кейін әділдік үшін күрестің жаңа кезеңін күтуге болады. Ол былтыр күзде Қасым-Жомарт Тоқаевтың қайта сайланғаннан кейін бірден шығарған арнайы Жарлығы негізінде әзірленген. Оны қазір Парламенттің төменгі палатасы қарастырып жатыр. Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов Заң жобасының мақсаты – заңсыз алынған және шетке шығарылған активтерді іздеуді (ашу), сақтауды, басқаруды, өткізуді және мемлекетке қайтаруды қамтамасыз ететін шараларды қабылдауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттеу екенін жеткізген. Бұл процестерді жеке уәкілетті орган басқарады деп күтілген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив