KZ
Өскемен
-17°
туман жел 1 м/с, СБ
524.66 550.21 5.09

Агроөнеркәсіп кешені саласында 500 ірі әлеуетті жоба дайындалған

Фото: gov.kz

11.12.2023, 23:00 224 Ынтымақ Толқын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғаринды қабылдады. 


Қабылдауда агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңдеу көлемін 30 пайыздан 70 пайызға дейін ұлғайту туралы тапсырмасының орындалу барысы туралы баяндалды, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Zakon.kz жаңалықтар порталына сілтеме жасап.


ҚР Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғаринның мәліметінше қазіргі таңда Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешені саласында 2024-2026 жылдары жүзеге асырылатын 500 ірі әлеуетті жоба дайындаған. Оның жалпы құны – 1,6 триллион теңге. Алғаш рет екінші деңгейдегі отандық банк бұл жобаларды іске асыру үшін 500 миллиард теңгеге жуық өз қаржысын салуға дайын екенін жеткізген. Ал жақын арада әлеуетті жобалардың тізімі жаңартылмақ.


Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасарына ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларға бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуына бақылауды күшейту және халықаралық деңгейде жоспарланған іс-шаралардың сапалы дайындалуын қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу