KZ
Өскемен
-21°
туман жел 1 м/с, С
524.66 550.21 5.09

ШҚО ТЖД өрттің алдын алу жұмыстарын күшейтті 

Кеше, 12:00 109 Гульжан Мусина

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жылыту маусымында өрт қауіпсіздігінің алдын алу жұмыстарын күшейтті. Бұл кезеңде тұрғындардың жылыту және электр жабдықтарын белсенді пайдалануына байланысты өрт шығу қаупі артады. Құтқарушылар өрт санын азайтып, азаматтардың өмірі мен мүлкін барынша қорғау үшін профилактикалық жұмыстарды күшейтті, - деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.  

Қызметкерлер үйлерді аралап, рейдтер, түсіндіру жұмыстары мен нұсқаулықтар өткізуде. Тұрғындарға жылыту жүйелері мен электр құралдарын пайдалану кезіндегі қарапайым қауіпсіздік ережелері ескертілуде.  

Жылыту маусымы басталғалы барлығы 116 656 үй тексеруден өтті. Тексеру барысында өрт қауіпсіздігі ережелерінің 33 мыңнан астам бұзушылығы анықталды, оның 14 мыңнан астамы пешпен жылытуға байланысты. ШҚО ТЖД қызметкерлерінің уақтылы профилактикалық жұмыстарының арқасында тұрғындар 23 874 бұзушылықты жойды.  

Ерекше назар көпбалалы отбасыларға, зейнеткерлерге, мүгедектерге және әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға аударылуда. Бұл үйлерде улы газды анықтайтын датчиктер орнатылып жатыр. Жалпы 3011 пеш пен мұржа тексеріліп, бұзушылықтар анықталған жағдайда оларды жою бойынша ұсыныстар берілді.  

ШҚО ТЖД азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді:  
- тек жарамды пештер мен электр құралдарын пайдалануға рұқсат етіледі;  
- пештерді шамадан тыс қыздыруға және электр желілерін шамадан тыс жүктеуге болмайды;  
- мұржаны уақытылы күйеден тазарту қажет;  
- пешті балаларға жаққызуға тыйым салынады;  
- тұтандыру үшін жанғыш сұйықтықтарды қолдануға болмайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу