Смолянка ауылында ауызсу мәселесі шешілді – ШҚО (видео)
Ұлан ауданындағы Смолянка ауылында тереңдігі 50 метр болатын жаңа ұңғыманы бұрғылау жұмыстары аяқталды. Жоба аудандық бюджет есебінен жүзеге асырылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ұлан ауданы әкімдігінің мәліметінше, бұған дейін тұрғындар ауызсу тапшылығына байланысты қиындықтарға тап болған. 2019 жылы орнатылған блокты-модульді станция судың тартылып кетуі салдарынан жұмыс істемей қалған. Осыған байланысты тұрғындар суды Ертіс өзенінен сорғымен тартуға немесе қолмен тасуға мәжбүр болған.
Қазіргі уақытта бұл мәселе шешімін тапты. Жаңа ұңғыма арқылы алынған су таза әрі жеткілікті көлемде беріліп жатыр.
Ержан Әбіш