Өскемендік көркем гимнастшылар өзара бақ сынасты
Өскеменде Тәуелсіздік күніне орай көркем гимнастикадан жарыс өтті. Оған барлығы төрт жас категориясы бойынша 350 спортшы мен 23 команда қатысты.
Солардың бірі - Айзере Рахметқали.
“Көркем гимнастикамен айналысқаныма бір жарым жыл болды. Болашақта көркем гимнастикадан ел чемпионы болғым келеді” - деді Айзере Рахметқали.
Айтулы жарыстың бас төрешісі Александра Феоктистова өз сөзінде көркем гимнастика қажырлы еңбекті талап ететін спорт түрі екендігін айтты.
«Көркем гимнастика – өзінің аты айтып тұрғандай, спорттың ең бір көркем де күрделі түрі. Шығыстың табиғаты қандай сұлу болса, оның спортшылары да сол сұлулыққа сай. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін. Жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер. Сіздердің араларыңызда да ертең ел байрағын биіктен желбіретер чемпиондардың тұрғанына сенімім мол» ,- деді Александра Феоктистова.
Жарыс соңында Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ирина Смит барлық қатысушыларды марапаттап, жылы лебізін білдірді.
Оқи отырыңыз