KZ
Өскемен
-13°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Алмасадам Сәтқалиев Энергетика министрі болып қайта тағайындалды

Фото: Kazinform

6.02.2024, 19:01 76

Мемлекет басшысының Жарлығымен Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алмасадам Майданұлы 1970 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін, Стэнфорд университетінің Жоғары бизнес мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы жеке секторда бастаған.

1997-2001 жылдары «ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясының менеджері, департамент бастығы, басқарушы директоры, вице-президенті болып жұмыс істеді.

2001-2006 жылдары «KEGOC» АҚ қаржы директоры, вице-президенті, бірінші вице-президенті болды.

2006-2007 жылдары «KEGOC» АҚ бойынша топ жетекшісі, «Самұрық» АҚ электро-энергетикалық активтерді басқару жөніндегі директоры болып жұмыс істеді.

2007 жылы Қазақстан Республикасы энергетика және минералдық ресурстар министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

2007-2011 жылдары «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» АҚ тұңғыш вице-президенті, президенті, басқарма төрағасы, президенті болды.

2011-2012 жылдары «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры қызметін атқарды.

2012-2018 жылдары — «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы.

2018-2021 жылдары «KazEnergy» ЗТБ төрағасының орынбасары, «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді басқару бойынша басқарушы директоры қызметтерін атқарды.

2021 жылғы наурыздан 2023 жылғы сәуірге дейін — «Самұрық-Энерго» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы.

2023 жылдың 4 сәуірінен бері — Қазақстан Республикасының энергетика министрі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу