KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 2 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Ауа райына байланысты бірқатар рейстер кешігіп жатыр

Фото: banki.ru

8.02.2024, 18:04 128 Айна Ескенқызы

Астана әуежайы ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар рейстердің кешігуі және тоқтатылуы мүмкін екенін хабарлады. 
Қатты желдің салдарынан Астана әуежайы 72 рейстің 15-ін тоқтатты. Сондай-ақ, рейстердің бір бөлігі кешіктіріліп жатыр деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Астана аэропортының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордалық әуежайдың баспасөз қызметі хабарлағандай, әуеайлақ аумағындағы желдің жылдамдығы  19 м/с , кей жерлерде 23 м/с жетеді.

- Ауа-райы жағдайлары ұшақтардың ұшуы мен қонуына қиындық тудыруы мүмкін, сондықтан авиакомпаниялар жолаушылар мен экипаждардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауда. Жоспарланған 72 рейстің  ұшатын жеті  рейсі мен ұшып келетін сегіз рейсі тоқтатылды. Сонымен қатар, ұшуға 6 рейс, ал ұшып келетін 12 рейс кешіктіріледі. Бұл кідірістер мен тоқтатулар қолайсыз метеожағдайлармен және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралармен байланысты, – делінген әуежайдың Telegram арнасындағы хабарламасында.

Жолаушыларға рейстерінің мәртебесі және кестедегі ықтимал өзгерістер туралы өзекті ақпарат алу үшін авиакомпаниялармен байланысуға кеңес беріледі. Бұл орайда әуеайлақта қардан тазалау жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр, осы мақсатқа 23 арнайы техника жұмылдырылды.

Рейстер туралы ақпаратты Астана халықаралық әуежайының ресми сайтынан немесе 8 (7172) 702 999 телефоны арқылы алуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив