KZ
Өскемен
-18°
плотный туман жел 2 м/с, СБ
526.81 542.72 5.16

Ұландықтар екі мыңнан астам қылмыстың бетін ашты

Бүгін, 10:30 126 Төлеуғазы Жансая

Өткен жылы Ұлттық ұланның сарбаздары екі мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолын кесіп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде маңызды үлес қосты. Әскери қызметшілердің бұл еңбегі ел тұрғындарының сенімін арттыруда.

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты мерзімді әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығы жоғары деңгейде. Олар синтетикалық заттарды тасымалдаушылардың әрекетін бақылауға алып, құқық бұзушылықтардың алдын алуда белсенділік танытуда. Сонымен қатар, орын алған қылмыстарды дер кезінде ашып, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ерекше ептілік көрсетуде.

Мерзімді әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығы жоғары деңгейде. Қоғам тыныштығы үшін олардың қосып жатқан үлесі зор. Әсіресе, синтетикалық заттарды тасымалдаушылардың әрекеті жиілеген қазіргі уақытта сарбаздар әрбір күдікті әрекетті жіті назарда ұстайды. Сонымен қатар, оқиғаның ізін суытпай ашуда ерекше белсенділік танытуда, – дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының жауынгерлік даярлық басқармасының бастығы, полковник Сергей Сергеев.

Ұлттық ұлан сарбаздарының ерлігі де лайықты бағалануда. Өткен жылы ерекше ерлік танытқан әскери қызметшілер мемлекеттік наградаларға ие болды. Атап айтқанда, 6699 әскери бөлімінің ефрейтері Пермабек Жанасбек Үлбі өзеніне батқан қызды құтқарғаны үшін Мемлекет басшысының жарлығымен III дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Ал 3477 әскери бөлімінің штаб бастығы подполковник Денис Шемет оқу-жаттығу кезінде көрсеткен ерлігі үшін II дәрежелі «Айбын» орденіне ие болды.
Сарбаздар түзеу мекемелері мен маңызды мемлекеттік нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Өткен жылы олар темір тордың ар жағына тыйым салынған заттарды жеткізбек болған 60-тан астам күдіктінің жолын кескен.

Биыл Ұлттық ұланның құрылғанына 33 жыл толды. Бұл уақыт ішінде құқықтық тәртіп әскерінде қызмет етуге ынталы азаматтардың қатары көбейіп келеді. 2024 жылы мерзімді қызметін аяқтаған 80 сарбаз келісімшарт бойынша қызметін жалғастыруды таңдаған.

ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу