ШҚО-да 54 212 ауыл тұрғыны жылжымалы медициналық кешендерден көмек алды
Фото: pexels.com
Шығыс Қазақстан облысында 7 жылжымалы медициналық кешен заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген арнайы көліктер арқылы ауыл тұрғындарына медициналық қызмет көрсетуін жалғастыруда. Бұл, әсіресе, қарт адамдар мен балалы отбасылар үшін өте маңызды.
2024 жылы 222 елді мекеннің 54 212 тұрғыны «дөңгелекті емханалар» көмегімен дәрігерлік консультациялар мен диагностика қызметтеріне қол жеткізді.
Жылжымалы кешендер арқылы:
- 44 228 диагностикалық зерттеу,
- 59 749 бейінді мамандардың консультациясы,
- 57 252 зертханалық тексеру жүргізілді.
Тексеру нәтижесінде 1 723 адамда түрлі аурулар анықталып, 537 ауыл тұрғыны диспансерлік бақылауға алынды.
2025 жылы жылжымалы медициналық кешендердің жұмысы жалғасады. Олардың қозғалыс кестесі мен мамандардың қабылдау уақыты Денсаулық сақтау басқармасының және жергілікті медициналық ұйымдардың ресми сайттарында жарияланатын болады.