1 наурыздан бастап «9-20-25» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады
Фото: krisha.kz
Қазақстандықтар биыл жаңа тұрғын үй бағдарламасымен баспаналы бола алады.
Бұл бағдарламамен 8 мың адам тұрғын үй алады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Informburo.kz сілтеме жасап.
«9-20-25» тұрғын үй бағдарламасының негізгі шарттары:
*Бағдарламаның пайыздық мөлшерлемесі – 9%;
*Бастапқы жарна 20 пайыз не одан жоғары;
*Сатып алынғалы отырған үй кепілге қойылады;
*Қарызды өтеу мерзімі – 25 жыл;
*Бағдарламаға соңғы 5 жылда баспанасы болмаған жандар қатыса алады;
*Бағдарламада негізінен жұмыс істейтін жастарға басымдық беріледі;
*Несиені тек дайын үйге емес, «Қазақстан тұрғын үй компаниясының» кепілдігі бар, салынып жатқан үйлерге де рәсімдеуге болады.
Айжанат Бақытқызы