KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 3 м/с, З
478.96 533.03 5.22

Өскемендегі жаңа театр маңынан «Өз үйім» бағдарламасымен пәтер алуға болады

24.08.2018, 05:10 240

Қазақстан тұрғын үй құрылысжинақ банкі Шығыс Қазақстан облыстық филиалының клиенттермен жұмыс жөніндегі басқармасының бастығы Дидар Қасенов банктің «Өз үйім» бағдарламасы бойынша тек Өскемен мен Семейден ғана емес, Астанадан да «7-20-25» бағдарламасы арқылы 7 пайыздық жеңілдікпен, бағасы нарықтағыдан арзандау пәтер сатып алуға болатынын айтты.


Бұл бағдарламаға қатысушының басында баспанасы болуы, болмауы шарт емес. Пәтерлер барлық азаматтарға сатылады.

«Өз үйім» бағдарламасы бойынша бұрын ТҮҚЖБ өз салымшыларына несиені 9,5 пайызбен беріп келсе, енді ол жаңа «7-20-25» бағдарламасы аясында 7 пайызбен беріледі. Бастапқы жарна көлемі де төмендетілді, 20 пайыз болып.


-«Өз үйімнің» артықшылығы – бағдарлама аясында сатылатын үйлер бағасының нарықтағыдан төмен болуы. Сондай- ақ қатысушылардың меншігінде баспананың бар –жоқтығына банк қарамайды. Өскемен қаласында аталған бағдарлама бойынша жаңа театр ауданы маңында баспаналар салынып жатыр,-дейді Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Шығыс Қазақстан облыстық филиалының клиенттермен жұмыс жөніндегі басқармасының бастығы Дидар Қасенов.


Бұл бағдарламамен Өскеменде салынып жатқан үйлердің шаршы метрі «Нұрлы жер»бағдарламасыныкінен біршама жоғарырақ, сәйкесінше Астанада да солай.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив