KZ
Өскемен
+3°
небольшая облачность Штиль
478.93 534.96 5.16

Семейдің Қарағайлы шағын ауданында 153 пәтер пайдалануға берілді

15.03.2019, 04:33 212

 

Семейде "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" қызметкерлері  БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатын өткізді. Кездесу барысында Қарағайлы шағын ауданында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша  8 тұрғын үй салынып , үш көпқабатты үй пайдалануға берілгені белгілі болды . Қалған нысандар биылғы жылдың наурыз және сәуір айларында іске қосылады.

 

- Алғашқы 153 пәтер пайдалануға беріліп, оның 75 - і іске асырылды, - деп нақтылады банк маманы Бауыржан Бекмағамбетов. - Біз 333 пәтерді сатамыз. Өтініш қабылдау ақпан айында басталды.

 

Мамандар тағы 5 көпқабатты үй пайдалануға берілмесе де , салымшылар өздері қалаған пәтерді брондай алатынын жеткізді.

 

- Банк клиенттеріне "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша пәтер алу үшін есепшотта тұрғын үй құнының 20 пайызы ғана болса жеткілікті, - деді клиенттермен жұмыс жасау бөлімінің маманы Алуа Төлеумухаметова. - Бұл ретте қарыз бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме 5%-ды құрайды. Несие бойынша ең төменгі төлем 32 566 теңгеге тең. Қарыз мерзімі 25 жыл. Банк салымшыларына арналған барлық тұрғын үйлер 1 шаршы метріне 140 000 теңгеден аспайтын бағада, таза әрлеуде беріледі. 

 

Сонымен қатар, жаңа шағын ауданда "Өз үйім " бағдарламасы аясында 72 пәтерлі тұрғын үйсатылымға шықты. Бағдарламаға банктің кез келген клиенті қатыса алады. Бұл үшін тұрғын үй құнының 20 % мөлшерінде бастапқы жарна болу қажет.

 

Семей қаласының ақпараттық орталығы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив