Кешірім сұрағандардың орнына қоғамдық жұмысқа жегілгендердің видеосы жарияланады
Фото: pixabay
Полицейлер бұдан былай әлеуметтік желіде жасаған құқық бұзушылығы үшін көптен кешірім сұраған айыптылардың видеосын жарияламайды.
Оның орнына көше сыпырған немесе қарттарға көмектескен айыптылардың видеосы жарияланатын болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев министрліктің түрлі құқықбұзушылық жасаған айыптылардың қоғам алдында кешірім сұрау тәжірибесінен бас тартқандығын жеткізді.
Ресми өкілдің айтуынша, енді кешірім сұраған видеолардың орнына жауапқа тартылғандардың қоғамдық жұмыстарға қалай жегілгені көрсетілетін болады.