Елімізде несие беру ережелері өзгереді: нені білу керек?
Фото: ru.freepik.com
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың қарыз жүктемесін азайту туралы жарлыққа қол қойды. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін тиісті ведомство депутаттармен бірлесіп, несие беру ережелеріне өзгерістер енгізуді көздейтін заң жобасын дайындады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қазақстандықтар несие ала алатын жаңа ережелер тізімін дайындады.
Төлем мерзімінің өтіп кетуі, мораторий, тұтынушылық несие
Сонымен қатар банктер мен микроқаржылық ұйымдардың барлық қолданыстағы (өтелмеген) тұтынушылық несиелері бойынша 90 күн кешіктірілгеннен кейін сыйақы алуға тыйым салу енгізіліп жатыр».
Сондай-ақ жаңа ережеде жеке несиені коллекторлық агенттіктерге мерзімі өткен күннен бастап 24 ай өткенге дейін сатуға шектеу енгізіледі. Қарыз алушыға айыппұл, өсімпұл және комиссияларды толық жоюды қоса алғанда, қарызды өтеу мүмкіндігі беріледі.
Түзетулер тұтынушылық несиенің заңнамалық тұжырымдамасын енгізуді ұсынады. Бұл ретте банктер мен МҚҰ-ға уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген ең жоғары мөлшерден асатын азаматтарға тұтынушылық кредиттер беруге тыйым салынады (банктер үшін – 5 миллион теңге, микроқаржы ұйымдары үшін – 3 миллион теңге).
Банк омбудсмені және төлемді кейінге қалдыру
Сондай-ақ банк омбудсменінің азаматтардың барлық несиесіне қатысты дауларды қарау жөніндегі өкілетін кеңейту және микроқаржы омбудсменін құру қарастырылған. Омбудсмендердің шешімдері банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық ұйымдар үшін міндетті болады.
Мiндеттi әскери қызметке шақырылған азаматтарды қолдау үшiн сыйақы есептелмей, банк несиелерi мен микрокредиттер бойынша автоматты түрде кейiнге қалдыру қарастырылған.
Жалғыз тұрғын үйден шығару
Банкроттық рәсімін оңайлату
Азаматтардың банкроттық рәсіміне қолжетімділігін жеңілдету үшін заң жобасы борышкерге мерзімі өткен берешекті өтеуді растайтын құжатты ұсыну талабын алып тастайды, сондай-ақ есеп айырысу және өндіріп алу рәсімін жүргізу мерзімін 18 айдан 12 айға дейін қысқартады.
Алаяқтармен күрес
Алаяқтық жолмен берілгенін анықтайтын заңды күшіне енген сот шешімі болған жағдайда банк клиенттеріне қатысты несие талаптары тоқтатылады.
Заң жобасын Мәжіліс екінші оқылымда қабылдады, қазір ол Сенатта қаралып жатыр.