«Керей мен Жәнібек» комиксінің танымалдығы артып келеді
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
Бүгін Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Керей мен Жәнібек хандар туралы комикстің тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Комикс авторы 21 жастағы Ілияс Юсуфтың айтуынша, отандастарымыздың көбі мектепте оқыған қазақ тарихын ұмытып қалған. Сондықтан олардың жадында тарихи деректерді жаңғырту үшін «Отандық 100 комикс» жобасы қолға алынып отыр.
– Алматыда комиксімді оқып үлгерген мектептер бар. Алғашқы тұсаукесері де сол жақта өтті. Оқушыларға Қазақ хандығына қатысты сауал қойғанымда көбі жауап берді. Меніңше, бұл – «Керей мен Жәнібек» комиксінің нәтижесі, – деді жас автор.
Ұлттық академиялық кітапхана басшысы Ғазиза Нұрғалиева мұндай комикстер балаларды әдеби шығармаларды оқуға дайындайтынын айтады.
– Алматыда комикстер бұрышын ашқан едік. Дүкендер түрлі жанрдағы 500 комикс берді. Дәл осы бұрыш жасөспірімдер мен балалар арасында өте танымал. Енді осы жерде де сондай бұрыш ашып, жастарға ұлттық батырларды танытқымыз келеді, – деді Ғазиза Нұрғалиева.
Оқи отырыңыз