KZ
Өскемен
+22°
небольшой дождь жел 3 м/с, Ю
441.66 475.14 4.86

ТЖМ-ның техникалық базасы жаңартылады

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

25.04.2024, 19:03 52 Айжанат Бақытқызы

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» сессиясында Президент еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінде қандай өзгерістер болатыны жайлы айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

– Төтенше жағдайлар министрлігінің техникалық базасын жаңартамыз. Оның арнайы техникасының, тікұшақтары мен ұшақтарының санын көбейтеміз. Ұлттық гидрогеология қызметі қайта құрылады. Бұл қызмет жер асты су ресурстарын барлау және қорғау жұмысымен айналысады, – деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда қоршаған ортаның жай-күйіне бәріміз жауапты екендігімізді, мұны естен шығармау керек екендігімізді айтты.

– Қоғамда экология мәдениетін қалыптастырып, табиғатты аялау қағидасын дәріптеген жөн. Менің бастамаммен елімізде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны өтіп жатыр. Мұндай шаралар су тасқыны болған аймақтарда да ұйымдастырылады. Ескертемін, бұл – ешқандай да бір реттік іс-шара емес. Барлық өңірде аумақтарды көгалдандыруға және тазалауға көп көңіл бөлу керек, – деді Президент.

Әркім ортақ іске үлес қосатын болса, еліміз көркейе түседі.

– Біз қалалар мен ауылдарды абаттандыруымыз қажет. Әрбір үй, аула, тұрғын үй кешені, саябақ және басқа да нысандар әкімдердің де, жұртшылықтың да назарынан тыс қалмауға тиіс. Саламатты әрі жайлы орта қалыптастырамыз десек, азаматтар барынша белсенділік танытуы керек. Қоғам мүлкіне залал келтіретін адамдарды заңмен жауапқа тартамыз, – деп толықтырды Президент.

Ол әкімдер Үкіметтің көмегімен жергілікті маңызы бар жолдарды абаттандыруды қолға алуы тиіс екенін атап өтті.

– Бұл жұмыстар әкімдердің қызметін бағалайтын негізгі индикаторлар тізіміне енгізіледі, – деді Президент.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив