KZ
Өскемен
+22°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
443.16 480.39 4.94

Төтеншеліктерге арнайы көлік құралдарының кілті тапсырылды

16.10.2013, 18:00 66


ҚР ТЖМ қызметкерлерінің кәсіби мерекесі – Құтқарушы күні қарсаңында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аумақтық бөлімшелерінің басшыларына әртүрлі сыныптағы және модельдік қатардағы арнайы өрт сөндіру және апаттық-құтқару автомобильдерінің кілттері салтанатты түрде тапсырылды , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ТЖ министрі Владимир Божко салтанатты рәсімді аша отырып, азаматтар мен ұлттық байлықты төтенше жағдайлардан қорғау қауіпсіздігін қамтамасыз ету Мемлекет басшысы қойған негізгі міндеттердің бірі болып табылатынын атап өтті.

Бұл міндеттерді орындаудың сапасы апаттық-құтқару қызметтерінің техникалық жарақталуы деңгейіне тікелей байланысты. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдау көрсетуі арқасында ҚР ТЖМ бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бөлінетін қаржы қаражатының көлемі жыл сайын өсуде, оларды кезең-кезеңмен жаңарту және заманауи техникалық ресурстарымен қайта қаруландыру жұмысы жүргізілуде.

Ағымдағы жылы ҚР ТЖ министрлігінің иелігіне 164 арнайы көлік құралы бөлінетін болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив