Елімізде жеке куәліктердің дизайны өзгереді
Фото: gov.kz
ІІМ Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігіне өзгерістер дайындады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Атап айтқанда, жеке куәлікте адамның жынысы туралы ақпаратты визуалды аймақта көрсету ұсынылады.
Сонымен қатар куәліктің сыртқы жағында штрих-код түрінде кодталған ЖСН, микросхеманың байланыс бөлігі, куәлік иесінің туған жері, ұлты, азаматтығы туралы дербес деректері, сондай-ақ куәлікті берген орган, берілген күні, қолданылу мерзімі туралы мәлімет орналасады.
Куәлікте ұлт азаматтың жеке қалауы бойынша көрсетіледі.
Құжат 21 мамырға дейін ашық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналасқан.