KZ
Өскемен
снегопад жел 6 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

«Кең дала 2» бағдарламасы: өтінім қабылдау басталды

19.07.2024, 10:15 148 Ержан Әбіш

«Кең дала 2» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды Altainews.kzтілшісі «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына сілтеме жасап.
Несие егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін айналым қаражатын толықтыруға беріледі. Несиелендіру мөлшерлемесі жылдық 5 пайызды құрайды. Игеру мерзімі – 2024 жылдың 27 қыркүйегіне дейін, қайтару мерзімі – 2025 жылдың 1 наурызына дейін. Яғни, өнім жинап, оның сатылуын жүзеге асырған соң несие қайтарылуы көзделеді.
Несиелендірудін ең жоғары лимиті ауыл шаруашылығы дақылдарының бір гектарына кететін өндірістік шығын нормативтері бойынша есептеледі. 
Қарыз алушыға қойылатын негізгі талаптар:
–     қызметті жүзеге асыруда кемінде 3 (үш) жыл тәжірибесінің болуы.  Тәжірибе болмаса, жергілікті әкімнің ауыл шаруашылығы мәселелеріне жауапты орынбасарының жазбаша қолдаухаты немесе облыс әкімдігі жанындағы үйлестіру кеңесінің өтінішхаты қажет (өңдеуші кәсіпорындардан басқаларына);
–     меншікте немесе уақытша пайдалану құқығында егіс алқаптарының болуы (өңдеу кәсіпорындарын қоспағанда);
–     салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек болмауы;
–     қаржы институттары алдында өтелмеген немесе кешіктірілген берешектің болмауы;
–     соңғы 24 айда 180 күннен астам мерзімі өткен берешектің болмауы.
Бағдарламаға «Ертіс» ӘКК» АҚ алдында проблемалық қарыз алушы мәртебесі бар өтініш берушілер және онымен байланысты тұлғалар, бұған дейін сенімсіз (жосықсыз) серіктестік танытқандар қатыса алмайды.
Жобаға қойылатын негізгі талаптар:
– несиелеу көлемі өтініш берушінің/қарыз алушының көрсеткен егіс алқабының 1 гектарына жұмыс жүргізуге арналған шығындар нормативін есептеу арқылы анықталады;
– қайта өңдеуші кәсіпорындар үшін несиелеу көлемі түпкілікті қарыз алушылардың ұсынған тізіміне сәйкес 1 гектар алқапқа жұмыс жүргізуге арналған шығындар нормативі есебінен анықталады;
– дақылдар бағытында соңғы 3 жылда нақты егілген алқаптар мен өнімділік туралы мәліметтерді растау қажет; Бұл мәліметтер болмаған жағдайда, аудан бойынша өнімділік туралы ақпаратты пайдалану қажет (өңдеуші кәсіпорындарды қоспағанда);
– жергілікті атқарушы органнан берілген меншіктегі немесе уақытша пайдалану құқығында егіс алқаптарының болуын растайтын құжаттарды (анықтамаларды) ұсыну;
– несие қаражатын пайдалану қолма-қол ақшаны қолға беру арқылы емес, мақсатты пайдалануға аудару арқылы ғана жүзеге асырылады.

   
«Ертіс» ӘКК» АҚ-ның кепілдік саясатының талаптарына сай кепілмен қамтамасыз ету міндеттеледі. 
Несиелеу бағдарламасы бойынша барлық сұрақтармен «Ертіс» ӘКК» АҚ сall-орталық хабарласуға болады: 8 705 120 53 67.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив