KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 6 м/с, СБ
479.38 531.63 5.27

Ақсуаттағы аламан: 135 шақырымдық бәйгеде маңғыстаулық "Көкжебе" топ жарды

21.07.2024, 17:00 166 Назерке Каримова

Абай облысының Ақсуат ауданында өтіп жатқан «Алтын бесік – Ақсуат» спорт және өнер фестивалі аясында дүйім жұрт 135 шақырым қашықтыққа шапқан сәйгүліктердің шабысын тамашалады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бүгін Ақсуаттағы «Екпін» атшабарында 15 км және 25 км қашықтықтағы ат жарысы болды. Сонымен қатар осы думанды тойдың ең басты тартуы – 135 шақырымдық аламан. Ұзақ қашықтықтағы бәйгеге барлығы 80 ат қатысты. Жарыс жолына шыққан сексен тұлпардың ішінен оза шапқан маңғыстаулық «Көкжебе» мәреге бірінші жетті. Бабы мен бағы қатар шапқан қылқұйрықтың иесі – Ербол Ермағанбетов. Екінші болып Алматы облысының намысын қорғаған Ержан Майемеровтің «Кеңсай» атты сәйгүлігі келді. Үздік үштікті жетісулық Шамиль Қадыровтың «Қаһарман» атты жүйрігі түйіндеді.

Аламан бәйгеде топ жарған маңғыстаулық «Көкжебенің» иесі Ерболға су жаңа автокөліктің кілті табысталды.

Естеріңізге сала кетсек, «Асыл бесік - Ақсуат» спорт және өнер фестивалі аясында қазақ күресінен «Асыл арлан» турнирі, ат бәйгесі өтті, сондай-ақ көпшілік қауым ақындар айтысы мен «Асыл тас» театрының «Тарихқа тағзым» қойылымын тамашалады. Қазақ эстрада жұлдыздарының гала-концерті болды.

Фото: Ақсуат ауданының әкімдігі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив