KZ
Өскемен
небольшая облачность жел 2 м/с, Ю
480.63 535.13 5.27

Ескі лифттер 2025 жылдың ақпанына дейін ауыстырылады

Фото: depositphotos.com

22.08.2024, 12:01 69 Ержан Әбіш

Министрлік ескі лифттерді 2025 жылдың ақпан айының ортасына дейін ауыстыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы ақпарат 2024 жылғы 21 тамызда Сауда және интеграция министрлігінде техникалық реттеу және метрология жөніндегі комиссияның отырысында айтылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Нақтырақ айтқанда, 25 жылдан астам жұмыс істеп тұрған лифтілерді ауыстыру жоспарланған.

– Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер 2025 жылдың 15 ақпанына дейін 25 жылдан астам жұмыс істеп тұрған лифттерді ауыстыруы керек. Бұл талаптар ТР КО 011/2011 техникалық регламентінде белгіленген, – деп түсіндірді Сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

Сонымен бірге Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, олар биыл – 224, келесі жылы 300-ден астам лифтіні ауыстыруды жоспарлап отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив