KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 4 м/с, С
482.86 533.17 5.08

«Даналық – ұстаздан» республикалық акциясы өтіп жатыр

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Бүгін, 15:55 1 Ержан Әбіш

Акцияға 3 миллионнан астам білім беру ұйымдарының оқушылары қатысып, бір мезгілде «Ұстазым» әнін орындады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Акция қазақстандықтар арасында кең қолдау тауып, оған балабақша тәрбиеленушілері мен оқушылардан бастап, мемлекеттік қызметкерлер, құтқарушылар, дәрігерлер және еліміздің танымал тұлғалары өз ұстаздарына әлеуметтік желілерде алғыс білдіру арқылы үн қосты.

Іс-шара педагогтерге құрмет пен алғыс білдіруге, сондай-ақ «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жас ұрпақтың рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Сіз де #Біртұтас_тәрбие және #Даналық_ұстаздан хэштегтерін пайдалана отырып, сүйікті ұстазыңыз туралы қысқа бейнежазба түсіріп, ұстазыңыздың оқу мен тәрбиедегі үлесі үшін алғыс білдірсеңіз болады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив