KZ
Өскемен
-8°
туман Штиль
498.55 524.28 4.75

Нутрициолог ең пайдалы ұлттық тағамдарды атады

Tengrinews.kz

28.10.2024, 18:00 117 Төлеуғазы Жансая

Медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақ тағамтану академиясының Нутрициология кафедрасының доценті Елена Ушанская Tengri Life-ке сұхбатында қазақ ұлттық тағамдарының пайдалы қасиеттері туралы айтты.

Сүт қышқылды өнімдер

Ушанскаяның айтуынша, қазақтардың сүт қышқылды өнімдері өте пайдалы. Мысалы, қымыз — ішектің сауығуына ықпал ететін ашытылған сусын, құрамында қажетті дәрумендер мен минералдар бар. Бір литр қымызда 1,5 килограмм апельсиндегідей С дәрумені, А және В дәрумендері, кальций, темір, мыс бар. Қымыз ақуызы 90 пайызға жуық сіңіріледі, бұл халықтың жануар ақуызынан тәуліктік нормасын ала алмауына көмектеседі.

"Қымызды рационға 50 миллилитрден бастап енгізу қажет, әр күн сайын мөлшерін арттыра отырып, бір стақанға дейін жеткізу керек", - дейді маман.

Саумал - ағзаны қалыпқа келтіретін қасиеттерге ие сусын. Ол ауырғаннан кейін, химиялық терапиядан кейін қалпына келу үшін пайдалы. Шұбат - пайдалы, бірақ майлы, сондықтан артық салмақ пен панкреатит проблемалары бар адамдарға абай болу ұсынылады. Құрт — кальций мен ақуыздың көзі. "Аздап тұздалған құрт жүкті әйелдерге токсикоз белгілерін жеңілдетуге көмектеседі", - деді Ушанская.

Қазақ асханасы негізінен тойымды етті тағамдардан тұрады. Қой еті қаныққан майға бай, сондықтан аптасына бір-екі реттен артық жеуге болмайды. Ал жылқы еті диеталық тағам болып табылады, оны жүрек аурулары мен семіздікке шалдыққан адамдарға жеуге кеңес беріледі.

Ет тағамдарын қамырмен бірге ұсыну калория мөлшерін арттырады, сондықтан оларды жиі тұтынбау керек. Ушанская жаңа піскен көкөністермен және шөптермен бірге жеуді ұсынады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу