Қазақстанда телевизия мен радио арқылы хабар тарату уақытша тоқтатылмақ
Қазақстанда телевизия мен радио арқылы хабар тарату уақытша тоқтатылады. Бұл туралы "Қазтелерадио" АҚ-ның Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасаған Altainews.kz редакциясы хабарлайды.
"Қазтелерадио" АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді", - делінген хабарда.
2024 жылдың 30 қазаны 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.
"Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз", - дейді компания өкілдері.
Оқи отырыңыз