KZ
Өскемен
-1°
туман жел 1 м/с, ОШ
494.87 520.65 4.91

Індетті толық жеңуіміз керек - ШҚО тұрғындары

27.04.2020, 07:57 194

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасаған карантинге қатысты мәлімдемеден кейін, Өскемен қаласының тұрғындары әлеуметтік желілерде өз пікірлерін білдіріп жатыр, солардың бірнешеуін назарларыңызға ұсына кетейік.

 -Карантиннің пайдасы өте көп болды. Жалпы біз аурудың алдын алып жібердік пе деп ойлаймын. Медицинасы мақтаулы Еуропа елдері мен АҚШ-тың өзі вирусты дер кезінде тізгіндей алмай қалғандықтан, анандай адам шығыны болды. Президенттің бүгінгі мәлімдемесін  оқыдым. 11 мамырға дейін ұзартқаны дұрыс, індетті толық жеңуіміз керек

Жеңіс Мұқашев, әскери қызметкер

 

-42 мың теңгені тағы беретіні дұрыс болыпты. Бұл жолы ешқандай өтініш бермей-ақ алады екенбіз. Біз сияқты жұмыссыз қалған адамдарға бұл қаражат үлкен көмек болды. Карантин тезірек бітсе екен.

Ерғазы Сағынтай, таксист

 

- Қазақстанда дер кезінде жарияланған төтенше жағдай режимі қатерлі індеттің жолын кесуге елеулі ықпал етті. Әрине, біздің еліміз шет мемлекеттермен қарым-қатынаста болғандықтан, пандемияны бірден жойып жіберудің мүмкін емес екендігі белгілі. Бұл жағдайда, Мемлекет басшысы ауруды азайтудың барлық шараларын қарастыруды тапсырды. Көптеген шағын және орта бизнес нысандары өз жұмыстарын тоқтатты. Мұның экономикаға және әрбір кәсіпорынға әкелген шығындары аз емес, бірқатар жұмысшылар да уақытша табысынан айырылды. Олардың барлығына мемлекет тарапынан тиісті әлеуметтік көмек көрсетілуде.

Мемлекет басшысы өз мәлімдемесінде атап өткендей, карантин талаптарын жеңілдетудің бірқатар шаралары қарастырылуда. Аймақтарда жұмыстарын бастайтын мекемелер тізімі жасалады. Саяжай иелеріне мүмкінді жасау да көзделіп отыр.

Алдағы уақытта экономикалық дамуды қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар қабылданып, онда дағдарыстан зардап шеккен салаларға қолдау көрсету шаралар қарастырылмақ.

Мұндай өзгерістерді  шағын және орта бизнес өкілдері, жалпы тұрғындар толық мақұлдайды.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы Жарма аудандық филиалының директоры Дастан Мұқаев

 

 

- Елдегі елең-алаң уақытта жан-жағымызға алаңдай қарап отырғанымыз шындық. Індетке қатысты әр жаңалықты қалт жібермеуге тырысамыз. Бүгін міне, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесін оқыдық. Қалай дегенмен 16-наурыздан бастап Республикада Төтенше жағдай жариялағаны өте дұрыс шешім болды. Сондықтан да шет мемлекеттермен салыстырғанда қауіпті індет жерімізге дендеп кірген жоқ. Президент мәлімдемесінде қандай жағдай болса да, мемлекет халықты қиын жағдайда қалдырмайтынын айтқан. Рас, осы уақыт ішінде қаншама адамға қайырымдылық жасалды, көмек көрсетілді?! Ең басты қадап айтқаны - 11-мамырда Заңға сәйкес Төтенше жағдай режимі аяқталады. Бұл жаңалық қуантқанымен, ертеңгі күні де сақтанып жүруіміз керек шығар. Ел аман, жұрт тыныш болсын!

«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Алмас Сарбасов

 

 

-Мемлекет басшысының шешімімен толықтай келісемін. Ел амандығы үшін қабылданған шаралардың арқасында қиындықты еңсеріп келеміз. Дегенмен қауіп-қатер толық сейілген жоқ. Сол себепті карантин режимінің сақталғаны дұрыс. Адамдардың тұрмысында үлкен келеңсіздіктер болады деп ойламайын. Өйткені әлеуметтік төлемдер беріліп жатыр. Қалай болғанда да, адам денсаулығы – ең бірінші байлық емес пе?! Өзім – мемлекеттік қызметкермін. Індеттің алдын алу бойынша жасалып жатқан іс-шараларды көзіміз көріп отыр. Осының бәрі сіз бен біздің игілігіміз үшін ғой.

ШҚ облыстық мәслихаты аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің басшысы Салтанат Мамырбекова

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу