KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
519.61 610.13 6.54

Кейінгі үш жылда еліміздегі экотуристер саны 40%-ға өсті

pixabay.com

13.05.2025, 11:30 352 Гульжан Мусина

Кейінгі жылдары елімізде экологиялық туризмге деген қызығушылық тұрақты түрде артып келеді. Мәселен, 2022 жылы экотуристер саны 2 миллион адамға жетсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 2,8 миллионға көбейіп, 40%-ға өсті. Ал 2023 жылы экотуристер саны 2,4 миллион адам болған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, саяхатшылар арасында Алматы маңындағы ұлттық парктер, атап айтқанда, Іле-Алатау ұлттық паркі, Шарын шатқалы, Алтынемел және Көлсай көлдері ең көп сұранысқа ие бағыттар болып саналады.

Бүгінде еліміздегі 14 ұлттық саябақ тұрақты туризм қағидаттарына сай инфрақұрылымды дамыту бағытында жұмыс істеп келеді. Туристердің жайлы демалысы үшін визит-орталықтар, кемпингтер, глэмпингтер және өзге де нысандар салынуда.

Кейінгі жылдары тағы 8 заманауи визит-орталық пайдалануға берілді. Олар ақпараттық жүйелермен, бағыттар көрсетілген навигациямен және негізгі инфрақұрылыммен жабдықталған. Бұл орталықтар келушілерге табиғи экожүйе, жабайы жануарлар мекені, арнайы маршруттар мен қорғалатын аумақта жүру ережелері жөнінде ақпарат ұсынады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу